Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті жылдың басынан бері мемлекеттік тіркеу туралы 5870 куәлік берді

АСТАНА. 12 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Кеден одағы шеңберінде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тауарларды (өнімдерді) мемлекеттік тіркеу бойынша өткізілетін жұмыс туралы хабарлады.

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті  жылдың басынан бері мемлекеттік тіркеу туралы 5870 куәлік берді

Мемлекеттік тіркеуге келіп түсетін өтініштерді қарау рәсімдерін оңтайландыру мақсатында ұсынылған құжаттарды қабылдау, сараптау жүргізу функциялары Комитеттің облыстар, Астана мен Алматы қалаларының аумақтық бөлімшелеріне берілді, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен

Комитетке 2011 жылғы 1 қаңтардан бері тауарларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алуға сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан барлығы 980 өтініші келіп түскен. 793 өтініш белгіленген мерзімде қаралған (күнтізбелік 30 күнге дейін) және мемлекеттік тіркеу туралы 5870 куәлік берілген.

Қазіргі уақытта ағымдағы жылғы 4 сәуірден бастап берілген 187 өтініш қаралуда.