Мемлекеттік сатып алу саласы сыбайлас жемқорлыққа бейім салалардың бірі болып қалып отыр - Қаржы полициясы

Мемлекеттік сатып алулар арқылы әлеуметтік объектілер салынады және мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асырылады. Сондықтан Қаржы полициясы агенттігімен осы бағдарламалардың іске асырылуына бөлінген бюджеттік қаражаттың тиімді пайдалануына аса назар аударылады.
Ағымдағы жылғы 10 айда осы салада 308 сыбайлас жемқорлық қылмыстар анықталды, залал сомасы 286 млн.теңге құрады, 103 млн.теңге қайтарылды.
Мемлекеттік сатып алулармен мемлекеттік әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру мәселесі тығыз байланысты, оларды жүзеге асыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттен айтарлықтай қаражат бөлінеді.
Ағымдағы жылғы 10 айда қаржы полициясы органдары мемлекеттік бағдарламаларды бұзу фактілері бойынша 64 сыбайлас жемқорлық қылмысты анықтады. Аяқталған істер бойынша залалдың жалпы сомасы 143,3 млн.теңге құрады.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың көбісі «Ақ бұлақ» - 21, «Программа занятости 2020» - 19, «Тұрғын үй құрылысы» - 17 және «Жол картасы» - 12 мемлекеттік бағдарламалар бойынша жасалған.
Аумақтардың паспорттары осы бағдарламалар шеңберінде құрылып жатқан объектілер, оларды жоспарланған пайдалануға беру мерзімдері, бөлінген бюджет қаражаттары және мердігерлер туралы мағлұматтардан құралады.
Фискалды органдар жүйелі сыбайлас жемқорлыққа аса бейім болып тұр. Осы жылы салықшылармен жасалған 83 сыбайлас жемқорлық және кеден қызметкерлерімен жасалған 31 сыбайлас жемқорлық қылмыс анықталды.
Аумақтық бөлімшелердің алдына бюджеттен ҚҚС қайтарып алудың заңсыз схемаларын іске асыратын қылмыскерлер мен «қолма қол ақшаға айналдыратын» фирмаларға салық қызметтердің қызметкерлерімен қамқорлық жасау фактілерін анықтау міндеті қойылды.
Ағымдағы жылдың басынан бастап 138 жүйелі сыбайлас жемқорлық фактілері, 193 лауазымды тұлғаларға қатысты 802 қылмыстық іс қозғалды.
Агенттікпен шағын және орта бизнес қызметіне өзінің және басқа да бақылау органдарының тарапынан заңсыз қол сұғушылық фактілерін болдырмау жөнінде жұмыс күшейтілді, олардың құқықтарын қорғау бойынша шаралар кешені іске асырылуда.
Ағымдағы мерзімде қаржы полициясы органдары мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз қолсұғушылық бойынша 266 фактіні анықтады.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасаудың алдын алу бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде. Есептік кезеңде тәртіптік кеңестерге, мемлекеттік органдарға және ұйымдарға қылмысты жасауға себеп болған себеп пен жағдайларды жою жөнінде 482 ұсыныс жіберілді, олар бойынша тәртіптік жазаға 279 тұлға тартылды.