Мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік тілге қатысты талаптар орындалмайды деу жаңсақ пікір - интернет-конференция

АСТАНА. Мамырдың 24-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Мемлекеттік сатып алулар саласындағы мемлекеттік тілге қатысты талаптардың орындалуы тапсырыс берушінің тікелей міндеті.

 Мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік тілге қатысты талаптар орындалмайды деу жаңсақ пікір - интернет-конференция

Ол мемлекеттік сатып алуларға қатысты мәліметтерді мемлекеттік және орыс тілдерінде бірдей орналастыруы қажет. Бұл туралы бүгін В-news порталы арқылы өткен интернет-конференция барысында «Электронды коммерция орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Басқарма төрағасы Сұлтанжан Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, мемлекеттік сатып алуларға қатысты мемлекеттік тілге қойылатын талаптардың орындалуы үшін барлық шаралар жүзеге асырылуда. Біз осы уақытта мемлекеттік сатып алуларға қатысты мәліметтер жарияланатын порталдағы деректердің барлығын мемлекеттік тілге аудардық. Порталдың интерфейсі, барлық нормативті актілер толық қазақ тіліне аударылған. Сондықтан мемлекеттік сатып алуға қатысты мәліметтер тек қана орыс тілінде жазылған деу жаңсақ пікір», деді С.Ахметов.