Мемлекеттік сатып алу саласында өз туыстарын, басқа адамдардың мүдделерін қолдаған лауазымдылар істі болды

АСТАНА. Мамырдың 21-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Мемлекеттік сатып алу саласында лауазымды тұлғалардың өз туыстарын немесе басқа адамдардың мүдделерін қолдау фактілері кездесіп отыр. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов мәлім етті,

Мемлекеттік сатып алу саласында өз туыстарын, басқа адамдардың мүдделерін қолдаған лауазымдылар істі болды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Мәселен, Қостанай облысындағы Алтынсарин аудандық білім беру бөлімінде мемлекеттік сатып алудың жеңімпаздарын қолдан белгілеу фактілері анықталды.«2008 жылғы тамыздың 15-де аталмыш білім беру бөлімі «Нуреком Лтд» серіктестігімен интерактивті оқу үшін жабдықтар алуға 1,2 млн. теңгеге келісімшарт жасасқан. Ал жеңімпаз заңды тұлғаның ұсыныстары 2008 жылғы тамыздың 29-да берілген. Бұрынырақ дәл осы бөлім кәсіпкер В.А.Зелинскиймен 2,4 млн. теңгеге жиһаз алу үшін келісімшарт жасасқан. Тексеру барысында басқа да балама жеткізіп беруші мекемелердің басшысы немесе құрылтайшысы да осы адам екендігі анықталды», - деді өз сөзінде Сапарбек Нұрпейісов.Оның айтуынша, Прокуратураның ұсынысы бойынша бөлімнің бас есепшісі Бопатаеваға қатаң сөгіс берілген.