Мемлекеттік сатып алуда әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруда әлеуметтік серіктестіктің тиімділігі жоғары - «Равный Равному» қоғамдық бірлестігінің директоры

АЛМАТЫ. 22 қазан. ҚазАқпарат - Салалық басқармалар үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін толық пайдалана алмай отыр.
None
None

Бұл  мәселе бүгін Алматыда өтіп жатқан «Әлеуметтік серіктестік - әлеуметтік тұрақтылық кепілі» деп аталатын конференцияда айтылды.

«Мемлекеттік сатып алуда әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруда  әлеуметтік серіктестіктің тиімділігі жоғары. Оны ауқымды деңгейде жүргізуге мемлекет қаржысы жеткіліксіз болған кезде әлеуметтік серікстестік арқылы қосымша қаржы тартуға болады. мәселен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар бизнес құрылымдарын тартуына болады», - дейді «Равный Равному» қоғамдық бірлестігінің директоры Сағынғали Елкеев. Ал «Ақпараттық-ресурс орталығы» қоғамдық қорының директоры Алтынай Көбееваның айтуынша, мемлекеттік тапсырыстың орындалуына мониторинг жасаудың рөлі зор.  Бұл оның тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Мәселен қоғамдық қабылдау, сенім телефоны сияқты тұрақты жалғастыруды қажет ететін кейбір әлеуметтік жобаларға қаржы бір жылға ғана бөлінеді. Сондықтан жүзеге асыру кезінде жобаның тұрақсыздығынан олардың тиімділігі аса жоғары болмайды. Сол себепті лоттарды құру кезінде салалық басқармалар бұл мәселеге айрықша көңіл бөлуі қажет.

Соңғы жаңалықтар
Референдум