Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы 2014 жылдан бастап жұмыс істейді

АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы болып өтті. Заң жобасы еліміздегі мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын құруды көздейді. Естеріңізге сала кетейік, мұндай тапсырманы ҚР Президенті Үкіметке жүктеген болатын.
None
None

Атап айтқанда, заң жобасымен мемлекеттік сатып алудың бірыңғай операторын құру және мемлекеттік сатып алудың электрондық жүйесін жетілдіру мүмкіндігі қарастырылады. Сонымен қатар, осы негізде Үкіметтің, әкімдердің мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын құру көзделіп отыр. Ал аталмыш оператордың құзыретіне Үкіметтің, жергілікті атқарушы органдардың шешімімен айқындалатын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша конкурс және аукцион тәсілдерімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау мәселелері кіретін болады. Бұдан бөлек, мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы республикалық деңгейде 2014 жылдың 1 қаңтарынан, ал жергілікті деңгейде 2015 жылдың 1 қаңтарынан құрылады деп жоспарланып отыр.

Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұловтың айтуынша, заң жобасында қамтылған нормалардың мақсаты тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы арасындағы өзара бақылауды күшейту нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тексерістерін барынша азайту болып табылады. «Бұдан бөлек, мемлекеттік сатып алу үдерісіне қатысушы мемлекеттік органдардың функцияларын құру нәтижесінде ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілерге қатысты өзара заңсыз іс-қимылдарды болдырмау тетігін жетілдіру болып табылады», - дейді Б.Шолпанқұлов. Осыған орай, заң жобасында мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысының құзыреті мен тапсырыс берушінің өкілеттіктері айқындалады.

Бұдан бөлек, Қазақстанда мемлекеттік сатып алуларды өткізу үшін тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірегей ақпараттық жүйесі құрылатын болады. Бұл ретте сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтер бағаларының бірыңғай ақпараттық жүйесі арнайы анықтамаға негізделетіні көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар