Мемлекеттік сатып алулар саласында жемқорлар 110 млрд. теңге залал келтірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік сатып алулар саласында жемқорлар мемлекетке 110 млрд. теңге шығын келтірді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте агенттік төрағасының орынбасары Марат Ахметжанов мәлім етті.
«Ахуалдық орталықтың сараптамалық материалдарының негізінде келтірілген 110 миллиард теңге залал бойынша 516 қылмыстық іс қозғалды», - деді М. Ахметжанов.
Былтырдан бері агенттікте Ахуалдық орталық жұмыс істеп жатқанын еске салып өткен ол, оның қызметкерлері мемлекеттік органдар мен өзге де ашық ақпараттық көздерді пайдаланып, келіп түскен мәліметтерге талдау жасап, құқық бұзушылықтың проблемалық аймақтарын анықтау тұрғысында сараптамалар жүргізетінін атап өтті. Сонымен қатар, олар шағын және орта кәсіпкерліктің қызметіне араласпайды.