15:43, 04 Қыркүйек 2009 | GMT +5
«Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңның реттеу саласынан ғылыми зерттеулер жүргізудегі конкурстармен байланысты процедураларды шығарып тастау керек - Елбасы
АСТАНА. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елбасы ғылыми зерттеулердің ерекшеліктерін ескеріп, «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңның реттеу саласынан ғылыми зерттеулер жүргізудегі конкурстармен байланысты барлық процедураларды шығарып тастау керек деп санайды.

Президент бұл пікірін бүгін Ақордада ғылым мәселелеріне арналған кеңесте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Елбасының айтуынша, Білім және ғылым министрлігі және Ғылым комитеті жаңа ғылыми жүйенің жұмыс істеуінің барлық қаржылық, материалдық-техникалық сипаттарын қамтамасыз етуі тиіс. «Одан арғы іс - ғылым мен ғылыми кеңестердің жұмысы», деді Президент.