Мемлекеттік сатып алуларды бақылаудың жаңа жүйесі 200 млрд.теңгенің заң бұзушылықтарын жойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы Қазақстанда мемлекеттік сатып алуларды бақылаудың жаңа жүйесі енгізілді. Бұл туралы бүгін Астанада халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.
None
None

«Биыл мемлекеттік сатып алуды бақылау үшін біз жаңашылдықтар енгіздік. Конкурс барысында келісімшартты бекітуге дейін ішкі мемлекеттік аудиттің органдары веб-портал арқылы барлық заң бұзушылықтарды елеп-екшеп, бәсекелестік ашық жүргізіледі», -  деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, бұл бағыттағы шаралар мемлекеттік сатып алуларға бизнестің теңдей қолжетімділігіне құқығын қорғайды.

«Жарты жылда 1,3 трлн. теңгеге 160 мың лот қамтылды. 200 млрд. теңгеден астам қаржының заң бұзушылықтары жойылды»,-деді министр.

Соңғы жаңалықтар