Мемлекеттік сатып алуларды бірыңғай орган реттейді - министр Б.Жәмішев
АСТАНА. 28 қазан. ҚазАқпарат - Алдағы уақытта мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай ұйымдастырушысы құрылады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатына қатысқан ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, аталған міндетті министрлік құрамындағы комитеттердің біреуі атқаруы мүмкін. «Негізгі мақсат - мемлекеттік сатып алулар саласындағы тәртіп бұзушылықты болдырмау. Бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуларды арнайы конкурстар мен аукциондар арқылы өткізетін болады», - деді Б.Жәмішев. Министр атап көрсеткендей, конкурстық комиссияларды министрлер басқарса, жергілікті жерде әкімдер жетекшілік етеді.