Мемлекеттік сатып алулардың «электрондық жүйесін» қолданатындардың саны артып отыр

АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - www.goszakup.gov.kz порталында жүргізілетін электронды мемлекеттік сатып алуларға қатысып жатқан меморган мен компаниялардың саны артып келеді.
None
None

Осылайша, соңғы төрт жылдың ішінде мемлекеттік сатып алулардың «электрондық жүйесін» қолданатындардың саны 131 мыңға жетті. Олардың ішінде 24,3 мың - тапсырыс беруші мемлекеттік орган, сондай-ақ 95 мыңға жуығы - тауар мен қызметті жеткізуші жеке меншік компаниялар. Осы уақытқа дейін электронды веб-порталға 9,9 млн. лот шығарылып, 2,8 млн. келісімшарт жасалды. Сатып алулардың жалпы көлемі 37,2 млрд. теңгені құрады. Бұл жүйенің арқасында үнемделген қаражат 10,8 млрд. теңгеге тең болды.     

Соңғы жаңалықтар