Мемлекеттік саясатты дұрыс жүзеге асыру «А» корпусына тікелей байланысты болады - Н. Назарбаев

АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Мемлекеттік саясатты мұқият жүзеге асыру «А» корпусына тікелей байланысты болады. Бүгін Астанадағы «Қазмедиа» орталығында «А» басқарушы корпусы мемлекеттік қызметшілерімен кеңес өткізген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.
None
None
Сөз арасында Елбасы мемлекеттік «А» басқарушы корпусына іріктеу барынша бәсекелі болғанын атап өтті. Нәтижесінде «А» корпусына жататын лауазымның 30 пайызы жаңарған. «Бізге кәсіби тұрғыдан әбден шыңдалған, өз бабымен ысылған білікті мамандар әр уақытта қажет. «А» корпусына өту сіздерге үлкен абыроймен қатар зор жауапкершілікті жүктейді. Шешім қабылдайтын басшылық құрамы мен оны орындайтындар арасындағы жалғастырушы буын сіздер боласыздар. Елімізде 100 мыңға жуық әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер тікелей сіздерге бағына жұмыс істейтін болады. Бұл өте зор әлеует. Қазақта «қара суда қаймақ жоқ, қас шеберде оймақ жоқ» деген сөз бар. Өте керемет айтылған. Шебердің өзі кәсібилікті білдіреді. Әр адам қай салада жүрсе де өз қызметін жетілдіріп, кәсібилігін шыңдап, оқып-тоқып жүруі керек», - деді Елбасы. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақстанның жас, жаңа құрылған мемлекет екенін, көп жолдың сарадан салынғанын атап өтті. Бірақ та, Елбасының айтуынша, әлемде мемлекеттік басқару жүйесі бұрыннан қалыптасқан. «Бұдан бұлай мемлекеттік саясатты дұрыс, мұқият жүзеге асыру сіздерге байланысты болады», - деді Н. Назарбаев.
Соңғы жаңалықтар