Мемлекеттік шекара маңында контрабандалық тасымалдауға әзірленіп қойылған жалпы салмағы 113 тонна жүк сақталған қойма анықталды
АСТАНА. Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат – Кеше «Қапланбек» шекаралық заставасы учаскесінде (Сарыағаш шекаралық жасағы) «Бөгет-2009» шекаралық операциясын жүргізу барысында мемлекеттік шекараға таяу жердегі саяжайдан Қазақстаннан Өзбекстанға контрабандалық жолмен өткізуге әзірленіп қойылған жалпы салмағы 113 тонна жүк (50 тонна ұн және 63 тоннадан астам күріш) сақталған қойма табылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұл оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.