Мемлекеттік символдар туралы сөз қозғалғанда бойымды ерекше сезімдер билейді - Елтаңба авторы

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік символдары. 25 жыл: тарих пен қолдану тәжірибесі» атты ғылыми-практикалық конференцияда Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков ҚР Мемлекеттік символдар күні қарсаңында барша қазақстандықтарды құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Алдағы мереке біз үшін маңызды әрі қымбат. Біз Мемлекеттік символдарымызды сыйлауымыз, құрметтеуіміз керек. Барша қазақстандықтарды ҚР Мемлекеттік символдары күнімен құттықтаймын!», - деді Жандарбек Мәлібеков.

Ол сонымен қатар, соңғы 25 жылда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен еліміздің дамуына, экономиканың қарқын алуына қатысты қыруар жұмыс атқарылғанын атап өтті.

«Қазір бүкіл мемлекеттерде біздің Ту мен Елтаңбаны таниды, біледі. Біздің балаларымыз бен жастарымыз түрлі салаларда өздерінің үлкен жетістіктері арқылы халықаралық ареналарда Қазақстанның атын шығарып жүр. Мемлекеттік символдар туралы сөз қозғалғанда бойымды ерекше сезімдер билейді. ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы болғаннан соң, мен оны басқа қалай қабылдай аламын?!», - деп жалғастырды Мәлібеков.

Сөз соңында қазақстандық Елтаңбаның авторы ел азаматтарына республиканың мемлекеттік символдарына құрметпен қарауға үндеді.

Соңғы жаңалықтар