«Мемлекеттік статистика туралы» Заң статистикалық деректердің сапасын арттыруға мүмкіндік беріп, уәкілетті органның тәуелсіздігін қамтамасыз етеді - Ә.Смайылов

АСТАНА. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - «Мемлекеттік статистика туралы» Заң жобасы таяуда Парламентте қабылданып, наурыздың 19-ында Мемлекет басшысы қол қойған болатын. Осы заңды түсіндіру мақсатында бүгін еліміздің Статистика агенттігінің басшысы Әлихан Смайылов ақпарат құралдарымен баспасөз мәслихатын өткізді.
None
None

«Бұл заңның негізгі бағыты барлық статистикалық мәліметтерді пайдаланушылардың сапалы статистикалық ақпараттарға деген сұранысын қанағаттандыруға бағытталған», дейді ол.

Агенттік басшысының атап өтуінше, Заң бірнеше мақсаттарды көздейді. Біріншісі - статистикалық және статистикалық емес қызметтердің ара жігін ажырату. Статистикалық қызметті статистикалық жұмыстар жоспарының шегінде уәкілеттік органдар, мемлекеттік органдар және Ұлттық банк жүзеге асырса, статистикалық емес қызметтерді стратегиялық реттеуші, іске асырушылық немесе бақылау функцияларын жүзеге асыру аясында мемлекеттік органдар жүзеге асырады. Яғни, осы функциялардың аясында әкімшілік дереккөздер жинайтын кез келген деректер әкімшілік деректер болып табылады.

«Бұл дегеніміз, әкімшілік дереккөздерге қол жеткізуді және респондерттердің есеп жүктемесін төмендетуді қамтамасыз ету үшін жасалынып отыр», дейді Ә.Смайылов.

Екіншіден, заң жобасы Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми статистикасының негізгі принциптерін орнықтырады және бұл заң халықаралық талаптарға сәйкес келтіріледі. Үшіншіден, бастапқы статистикалық деректердің құпиялылығы мен қорғалуына кепілдікті орнықтырады. Агенттік басшысының пайымдауынша, бұл статистика органдарына деген сенімді жоғарылату арқылы статистикалық деректердің сапасын арттыруға мүмкіндік беріп, уәкілетті органның тәуелсіздігін де қамтамасыз етпек.

«Бастапқы статистикалық деректерді қалыптастыру бойынша, респонденттердің жұмысына араласуға тыйым салынатындығын атап өткен ол, «бұл неғұрлым анық деректерді алуда мемлекеттік билік органдарының араласуын шектеуге мүмкіндік береді және де мемлекеттік статистика органдарының жүйесіне кіретін барлық органдардың қызметкерлеріне бастапқы статистикалық деректерді жойғаны, заңсыз жариялағаны, таратқаны, сатқаны үшін дербес жауапкершілікті белгілейді», дейді.

Сонымен бірге, жаңа заңның тағы бір ерекшелігі, онда «статистикалық карточка» деген құжат енді барлық заңдардан алынып тасталынады. Яғни кәсіпкерлік субъект өзінің құрылтайшы құжаттарымен қатар статистикалық карточканы мемлекеттік органдарға, банктерге және басқа да мекемелерге барған кезде бермейтін болады.

«Бұл жалпы статистикалық қызмет үшін үлкен көмек, барлық статистикалық пайдаланушыларға тиісті статистикалық мәліметті уақтылы беруге көмектеді», дейді агенттік басшысы.

Соңғы жаңалықтар