«Мемлекеттік статистика туралы» заң жобасы Мәжіліске келіп түсті

АСТАНА. Мамырдың 16-сы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Үкімет жаңа редакцияда дайындалған «Мемлекеттік статистика туралы» заң жобасын Мәжілістің қарауына ұсынды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бұл заң жобасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика туралы заңнамасы нормаларын қайта құрылымдауды, жүйелендіру мен жетілдіруді және статистика саласындағы халықаралық ұстанымдарға сәйкес келтіруді, толық және анық ақпарат алу үшін статистикалық қызметтің мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейді. Сонымен қатар мемлекеттік статистика органдарының жүйесіне кіретін мемлекеттік органдарға деген сенімді арттыру үшін бастапқы статистикалық ақпаратқа қол сұқпау кепілдіктерін қамтамасыз ету және тиісінше статистика сапасын арттыру мақсатында жаңа редакцияда әзірленіп отыр.Заң жобасы, сондай-ақ стратегиялық мақсатқа қол жеткізуге ? статистикалық қызметтің ашықтығын арттыру, мемлекеттік органдардың, респонденттердің және мемлекеттік статистиканы пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін тиімді бөлу есебінен респонденттерге жүктемені азайтуға және статистикалық ақпаратты пайдаланушылардың сенім деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.Жаңа заң қабылдау арқылы Қазақстан Республикасының статистика туралы заңнамасын жетілдіру статистикалық ақпаратты пайдалану мақсатын нақты анықтауға мүмкіндік береді. Бұл респонденттер ұсынатын бастапқы статистикалық ақпараттың сапасын арттырады. Респонденттер ұсынатын бастапқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету, бірінші кезекте кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қорғауға бағытталған, бұл мемлекеттік статистика органдарының жүйесіне кіретін мемлекеттік органдарға деген сенімді арттыруға және соның есебінен пайдаланушыларды анық статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Үкімет өз түсіндірмесінде заң жобасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясының Өңірдегі ресми статистиканың негізін қалаушы ұстанымдарына сәйкес келетінін атап өткен.
Соңғы жаңалықтар