Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған жұмыстар тізімі бекітілді

ТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі республикалық комиссияның қорытынды отырысы өтті.

Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған жұмыстар тізімі бекітілді

Алқалы жиынды ашқан Қ.Саудабаев өз сөзінде Мемлекеттік сыйлық Елбасының Жарлығымен берілетін болғандықтан, комиссия алдында өте жауапты міндет - ұсынылған жұмыстардың ішінен Мемлекет басшысының талаптарына сәйкес келетін лайықты еңбектерді іріктеу жауапкершілігі тұрғандығын баса айтты. Бұл критерийлердің айқын және нақты екендігі белгілі. Сыйлыққа ұсынылған әрбір жұмыс ең алдымен, отандық ғылымда серпінді, өз саласында әлемдік ғылыми жұмыстармен бәсекелес болуы, ғылыми-техникалық прогреске елеулі үлес қосуы тиіс.

Отырыс қорытындысы бойынша комиссия Ғылым мен техника саласындағы 2011 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру үшін Елбасына ұсынылатын жұмыстардың тізімін бекітті.

Айта кетейік, ғылым мен техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығын беру ғылым, техника қайраткерлерінің еңбегін қоғам мен мемлекет алдында жоғары бағалау болып табылады. Ол Қазақстан азаматына беріледі және оны ҚР Президенті отандық ғылымды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін 2 жылда бір рет Тәуелсіздік күні тапсырады.