Мемлекеттік тапсырысқа өзгеріс енгізіліп, аналитикалық материалдардың үлесі артады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақстандағы БАҚ-ты дамыту саласындағы жоспарын бөлісті. Министр жұмыс жоспары жайлы халыққа есеп беру кездеуінде айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік тапсырысқа өзгеріс енгізіліп, аналитикалық материалдардың үлесі артады

«Қазіргі таңда біздің ведомствоның алдында бірқатар міндет тұр. Жұмыстың табысты болуы - осы міндеттердің іске асырылуына байланысты. БАҚ-ты дамыту саласында мемлекеттік ақпараттық тапсырыстар қайта форматталады. Бұл ретте аналитикалық материалдардың, шығармашылық және мультимедиалық контенттің үлесі артады», - деді Аида Балаева ОКҚ алаңындағы халыққа есеп беру кездесуінде.

Министр сонымен бірге баспа БАҚ-тың, интернет-ресурстар мен телерадиохолдингтердің құрылуы арқылы мемлекеттік медиаресурстар оңтайландырылатынын жеткізді.

Сонымен қатар Қазмедиа орталығы модернизациядан өтетінін мәлім етті.