Мемлекеттік тендерлерде қазақстандық қамту үлесі 58,3% құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 9 айы ішінде мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың мемлекеттік сатып алуындағы қазақстандық қамту үлесі 58,3% құрады. Бұл туралы бүгін «Ұлы дала елі» отандық өндірушілердің II форумында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекеттік тендерлерде қазақстандық қамту үлесі 58,3% құрады

«NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ деректері бойынша, ағымдағы жылғы 9 ай ішінде сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 58,3% құрады. Осы орайда, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жалпы сатып алу көлемі 1 трлн. 596 млрд. теңгеге артты. Дегенмен, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, қазақстандық қамтудың аралық көрсеткіші 7,7% төмендеді. Аталмыш кезеңде жергілікті қамту пайызының төмендеуінің негізгі себептері - теңге құнының төмендеуі, импорттық шикізат сатып алудың ұлғаюы болып табылады», - деді министр.

Сонымен қатар Жеңіс Қасымбек алдағы уақыттары да отандық өндірушіні тұрақты қолдау бойынша жұмыс жүргізіле беретінін атап өтті.