Мемлекеттік тіл Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметкерлерінің басты назарында болуы тиіс - Ассамблея төрағасының бұрынғы орынбасары
АСТАНА. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қазақстандағы барлық энтостардың тілдерінің сақталуы мемлекеттік ұлттық саясаттың жаңа заманғы жетістігі.
Ал қазақ тілінің болашақта этностарды байланыстыратын және мемлекетті құрайтын тіл ретінде дамытуды Ассамблея өкілдері ең басты, әрі ең маңызды мәселе ретінде қарастыруы тиіс. Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген мәжілісінде Ассамблея төрағасының бұрынғы орынбасары Виталий Свенцицкий мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда бұл - Ұлттық бірлік доктринасына енгізілуі тиіс басты мәселелердің бірі. «Сондықтан Ассамблея қызметкерлері елдегі тіл саясатына қатысты міндеттерді жүзеге асыратын негізгі орган ретінде ұйымдастырылуы тиіс шаралар барысында осы мәселені бірінші кезекте ескерулері керек», деді Виталий Свенцицкий.