Мемлекеттік тіл латын әлібиіне көшкеннен кейін барлық іс-қағаздар сол тілде жүреді - Елбасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік тіл латын әлібиіне көшкеннен кейін барлық іс-қағаздар сол тілде жүргізілетін болады. Бұл туралы бүгін Ақордада отандық және шетелдік журналистермен кездескен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекеттік тіл латын әлібиіне көшкеннен кейін барлық іс-қағаздар сол тілде жүреді - Елбасы

«Өзіңіз айтқандай, латын әліпбиіне көшкен жағдайда ол кирилицаның қолданысына айтарлықтай кедергі келмейді. Бұл ретте құжат айналымында, іс-қағаздарда латын әліпбиінің рөлі қандай болмақ? Екеуінің қатар жүруі қиындық тудырмай ма?» - деп сұраған еді кездесу барысында БАҚ өкілдері ҚР Президентінен.

«Мемлекеттік тіл латын әріпінде болғаннан кейін барлық жүргізілетін құжаттар сол тілде болады. Бірақ ол тілді түсінбейтін азаматтарды ренжітпеу үшін оларға аударып беретін боламыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.