«Мемлекеттік тіл туралы» заң қабылдау қажет ? Ақсақалдар кеңесі

АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Қазақ тілінің мәселесін шешу үшін «Мемлекеттік тіл туралы» заң қабылдау қажет. Бүгін Астанада «Нұр Отан» ХДП елордадағы филиалы жанындағы ақсақалдар кеңесінің отырысында жиналғандар осындай ортақ пікірді қолдады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Саяси ғылымдардың докторы Бәкір Жәлелдің айтуынша, Мемлекеттік тіл туралы заң 150 елде қабылданған. Қазақ тілінің көсегесі көгерсін десек, аталмыш заңда мемлекеттік тілді білу талап етілетін мемлекеттік қызмет орындарының тізімдері бекітілуі тиіс. «9 млн. қазақтың ішінде 2 пайыз қазақ өз тілін білмейді. Сол 2 пайыздың 80 пайызы мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтіндер екен. Бұл заңның солқылдақтығынан, қадағалаудың әлсіздігінен», дейді Б.Жәлел. «Бұл заң қабылданып, онда мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік тілді білуі тиіс екендігі белгіленсе, барлық ата-ана, тіпті басқа ұлт өкілдері балаларын қазақ тілді мектептеріне беретін болады», деді отырыста Тілдерді дамыту басқармасының бастығы Оразкүл Асанғазы.Сонымен бірге жиын барысында Еуразия ұлттық университетінің профессоры, Әлем тілдері кафедрасының меңгерушісі Абай Қайыржанов «тілді дамытуға бөлінетін қаржының тиімді жұмсалуы үшін, қаражатты облыстарға бермей, конкурстық негізде жекелеген ұйымдарға беру керектігін» атап көрсетті. Енді «Нұр Отан» ХДП мүшелері бұл ұсыныстарды Парламентке шығаратын болады.
Соңғы жаңалықтар