«Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауының жеңімпаздары белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Журналистер күніне орай «Мемлекеттік тіл және БАҚ» атты республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімін өткізді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауының жеңімпаздары белгілі болды

Іс-шара  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Серікқазыұлыныңқұттықтау сөзімен ашылды.

Республикалық конкурсқа еліміздің өңірлерінен 100-ден аса материал келіп түсті. Конкурсқа мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту, мәртебесін нығайту және оның қазіргі ахуалы туралы өзекті материалдар жариялаған журналистер қатысты.

Конкурста 2016 жылғы 10 маусым мен 2017 жылғы 5 маусым аралығында қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген жарияланымдар, эфирден өткен хабарлар қамтылды.

Конкурстың ережесіне сәйкес келіп түскен материалдар «Үздік мақала», «Үздік телебағдарлама», «Үздік радиобағдарлама», «Үздік сайт мақаласы» номинациялары бойынша 4 бағытта бағаланды.

Конкурс қорытындысы бойынша Бас жүлдені облыстық «Жетісу» телеарнасының редакторы Әбітаева Меруерт Мұратбекқызы иеленді. «Үздік мақала» номинациясы бойынша 1-орынды «Астана ақшамы» газетінің тілшісі Рахманова Гүлжан Оралбайқызы, 2-орынды «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің шолушысы Омарханов Ғалым Орынбасарұлы,
3-орынды Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің тілшісі Нұржайна Шодыр жеңіп алса, «Үздік сайт мақаласы» номинациясы бойынша
1-орынды «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті ақпарат және спорт бөлімінің редакторы  Байдәулет  Қаншайым Мәуленқызы, 2-орынды «Қоғамдық келісім» РММ баспасөз қызметінің жетекші сарапшысы Әлпейісова Камал Әбілқасымқызы, 3-орынды «Үркер.кз» сайтының тілшісі Нұрлан Құмар Бақдәулетұлы иеленді.

Сондай-ақ «Үздік телебағдарлама» номинациясы бойынша
1-орынды «Қазақстан-Шымкент» телеарна журналисі Байтасов Төребек Төрекелдіұлы, 2-орынды «Қазақстан-Атырау» телеарна журналисі Сисеналиева

Шолпан Абатовна, 3-орынды «Хабар» агенттігі кешкі жаңалықтар қызметінің тілшісі Жылқайдарова Индира Орынбайқызы жеңіп алса, «Үздік радиобағдарлама» номинациясы бойынша «Халық» радиосы тілшісі Сыбанжанова Раушан Сейітханқызы, 2-орынды «Қазақ» радиосы тілшісі Жанұзақов Жанат Жүсіпұлы, 3-орынды «Халық» радиосы тілшісі Қобжанова Гүлсім Сағатқызы иеленді.

Барлық жеңімпаздарға дипломдармен қатар ақшалай сыйлықтар берілді.