Мемлекеттік тілде ең үздік сот отырыстарын өткізген судьялар марапатталды - Жоғарғы Сот

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Жоғарғы Сотында өткен республика соттарының 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыс қорытындыларына арналған кеңейтілген кеңесте «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сот отырысы» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.
None
None

«Айта кетерлігі, бұған дейін облыстық және теңестірілген соттар арасында «Мемлекеттік тілдегі үздік сот отырысы» бойынша республикалық байқау өтті. Екіншіден, республика соттарында оқу бағдарламаларын үздік үйлестіре білген, сондай-ақ татуластыру, яғни медиация рәсімін кеңінен қолданған судьяларды марапаттау туралы шешім қабылданған болатын», - деді ҚР Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми марапаттау рәсімін жариялай отырып.

Байқау нәтижесінде «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сот отырысы» байқауында бірінші орынды Солтүстік Қазақстан облысы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты ие болды. Екінші орынды әкімшілік істі қарауда жан-жақты әзірлігі және сауатты жүргізгені үшін Павлодар облысы Павлодар аудандық соты ие болды. Ал үшінші орынды Қызылорда облыстық сотының апелляциялық алқасы мен Маңғыстау облыстық сотының кассациялық алқасы алды. Бұдан бөлек, медиация, яғни тараптарды татуластыру бойынша неғұрлым көп іс қараған судьялар да марапатталды. Жоғары Сот Төрағасы марапаттарды табыстай отырып, судьялардың алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Соңғы жаңалықтар