Мемлекеттік тілді дамыту орталығының директоры бөлінген мемлекет қаржысын мақсатсыз пайдаланғаны үшін қызметінен босатылды

АСТАНА. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат - Жамбыл облысындағы Мемлекеттік тілді дамыту орталығының директоры бөлінген мемлекет қаржысын мақсатсыз пайдаланғаны үшін қызметінен босатылды,

Мемлекеттік тілді дамыту орталығының директоры бөлінген мемлекет қаржысын мақсатсыз пайдаланғаны үшін қызметінен босатылды

деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

«Жамбыл облыстық прокуратурасы «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» орындалуын тексеру барысында Жамбыл облыстық тілдерді дамыту басқармасына қарасты «Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны 2009 жылға бөлінген қаржының 2 млн. 898 мың теңгесін мақсатсыз және тиімсіз жұмсағаны анықталды», делінген баспасөз хабарламасында.

Аталған іс бойынша прокуратура тарапынан мақсатсыз жұмсалған соманы мемлекетке қайтару және кінәлі лауазымды тұлғалардың жауаптылығын шешу туралы ұсыныс енгізілді. Нәтижесінде Орталық директоры М.Ноқрабеков сыбайлас-жемқорлық сипатындағы заңбұзушылық әрекеттері үшін қызметінен босатылды.