Мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау емтиханынан бас тартқан Қ.Есжанов мен Б.Ділмағамбетті тіркеуден бас тартылды - ҚР ОСК

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау емтиханынан бас тартқан Қ.Есжанов мен Б.Ділмағамбетті тіркеуден бас тартылды. Аталған шешім бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында қабылданды.

Мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау емтиханынан бас тартқан Қ.Есжанов мен Б.Ділмағамбетті тіркеуден бас тартылды - ҚР ОСК

Қанат Есжанұлы Сабыровтың ҚР Президенттігіне кандидат тіркеуден бас тарту туралы қаулы жобасын таныстырған ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешев: « Қаулы бойынша ҚР Президенттігіне кандидат Қанат Сабырұлы Есжановтың лингвистикалық комиссия отырысында мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау рәсімінен бас тартуына байланысты оның мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі анықталмады. Қанат Сабырұлы Есжановты ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тартылсын», - деді Б.Мелдешев.

Сонымен қатар, ол лингвистикалық комиссия емтиханынан өтуден бас тартқан Біржан Жетіруұлы Ділмағамбетті президенттікке кандидат ретінде тіркеуден бас тарту туралы қаулы жобасын комиссия мүшелеріне жария етті.

ҚР ОСК мүшелері қаулы жобасын бірауыздан мақұлдады.