Мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау сынағына келмеген Қ.Маишевке тағы бір мүмкіндік беріледі - ҚР ОСК
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау сынына келмеген ҚР Президенттігіне үміткер Қайрат Маишевқа тағы бір мүмкіндік беріледі. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсенбаев мәлім етті.
«Үміткерлеріміздің бірі мемлекеттік тілді еркін мерңгергендігін анықтау сынына келмей қалды. Біз қазіргі уақытта бұл азаматтың не үшін келмей қалғандығын анықтау үстіндеміз. Егер сынаққа келмеуі шынайы себептердің салдарынан болатын болса, онда аталған азаматты мемлекеттік тілді қаншалықты деңгейде меңгергендігін анықтау үшін лингвисткалық комиссия сынағына жіберу туралы шешім қабылдайтын боламыз. Содан кейін оның президенттікке үміткер ретінде тіркелуіне немесе тіркеуден бас тартылуына қатысты нақты шешім қабылданады», - деді М.Сәрсенбаев.