Мемлекеттік тілді меңгеру Қазақстанның әрбір азаматының міндеті мен парызы болуы керек - Е. Тоғжанов

  АСТАНА. 24 ақпан. ҚазАқпарат - Мемлекеттік тілді меңгеру Қазақстанның әрбір азаматының міндеті мен парызы болуы керек.

Мемлекеттік тілді меңгеру Қазақстанның әрбір азаматының міндеті мен парызы болуы керек - Е. Тоғжанов

Бұл туралы бүгін Астанада  «Бірлік.кz» республикалық жастар форумында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.   

Сонымен қатар, жастар алдында баяндама жасаған Е. Тоғжановтың атап өткеніндей, қазақ тiлiн білу - бәсекеге түсе алатындықты және қоғамдық өмiрде белсендiлікті анықтайтын басты шарт болуы қажет.

«Бұл Қазақстан халқының рухани ұлттық ынтымағының маңызды басымдығы, басты факторы», - деді ол.