Мемлекеттік тілді меңгеруге арналған «Мәртебелі сөз» оқу-әдістемелік кешені әзірленді

АСТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Тіл комитетінде ресми қазақ тілін меңгеруге арналған «Мәртебелі сөз» оқу-әдістемелік кешенінің таныстырылымы болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне арналған аталған тілдік курста қазақ тіліндегі электронды жаттығулар мен тестік тапсырмалар, сондай-ақ ресми сөздіктің нұсқасы қамтылған. «Мәртебелі сөз» оқу-әдістемелік кешені ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің тапсырысымен Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамыту жөніндегі республикалық үйлестіруші-әдістемелік орталықта әзірленген.
Соңғы жаңалықтар