Мемлекеттік тілді оқытушыларды ынталандыру үшін «Тіл мерейі» республикалық шарасы өтеді - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елі Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті үстіміздегі жылдың 24 маусымында «Тіл мерейі» республикалық шарасын өткізеді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
None
None

Шараның мақсаты - мемлекеттік тілді тұрғындарға үйрететін оқытушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіру, онлайн әдісімен озық тәжірибелерді алмасу және мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының оқытушыларын ынталандыру.

Қостанай облысы Тілдерді оқыту орталығының базасында өтетін шараға әдіскер-ғалымдар, тіл мамандары, тіл үйренушілер, Астана, Алматы қалалары және облыс орталықтарындағы мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының оқытушы әдіскерлері қатысады.

Шара барысында әдіскер-ғалымдар мемлекеттік тілді оқытудың тиімді технологиялары және әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, панорамалық сабақтармен қатар онлайн режимінде шеберлік сабақтарын көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар