Мемлекеттік төлемдер адамның қатысуынсыз арнайы жүйе арқылы тағайындалады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ендігі уақытта әлеуметтік мемлекеттік төлемдер адамның қатысынсыз арнайы жүйе арқылы тағайындалады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізге әлеуметтік қызметтер бойынша тұрғындардан шағым түсіп жатады. Қызмет ұзақ әрі жүйесіз көрсетіледі деген форматта. Мәселені шешу мақсатында өткен жылы арнайы жүйені іске қостық. Аталған жүйе кімге қандай әлеуметтік мемлекеттік төлем тиесілі екенін анықтайды. Яғни жүйе азаматқа қатысты тиісті мәліметтерді жинайды. Одан әрі біздің министрлік мәліметтерге сүйене отырып, азаматқа мемлекеттік төлемді тағайындайды немесе бас тартады. Ендігі уақытта жүйенің мемлекеттік төлемді автоматты түрде анықтап, тағайындауын қарастырып жатырмыз. Яғни, бұл жерде адамның қатысы жоқ, жүйе өзі белгілейді. Осы арқылы қызмет көрсету мерзімін қысқарта түспекпіз», - деді Ербол Оспанов Астанада өтіп жатқан адам және ғаламшарға арналған цифрлық шешімдер тақырыбындағы конференцияда.

Вице-министр келтірген мәліметтерге сәйкес, биыл 1 желтоқсанға дейін елімізде әлеуметтік салада 13,1 млн қызмет көрсетілді. Оның ішінде 10,6 млн қызмет электронды және 1,0 млн қызмет проактивті түрде ұсынылды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, келесі жылдан бастап елімізде отбасының цифрлық картасы енгізілмек.


Соңғы жаңалықтар