Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша салынып жатқан №6-шы тұрғын үй кешені алдағы екі айда беріледі - Астана әкімі

АСТАНА. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Астанада салынып жатқан №6-шы тұрғын үй кешені алдағы 2 ай көлемінде пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін құрылыс нысандары бойынша көшпелі жиын өткізген Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті,

Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша салынып жатқан №6-шы тұрғын үй кешені алдағы екі айда беріледі - Астана әкімі

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2005-2007 жылдардағы Мемлекеттік бағдарламаның жоспары шамамен 215 мың шаршы метр тұрғын аумаққа орындалған жоқ. Бұл №5 және №6-шы тұрғын үй кешендері. Оның басты себебі - мердігерлердің өз міндеттерін орындамауында», - деп атап өтті ол.

Қала басшысының айтуынша, өткен және үстіміздегі жылы екі кешеннің мердігерлеріне қатысты дау-дамайлар сотта қаралды. 2009 жылдың маусымында сот шешімі шыққаннан кейін, №6-шы нысанның құрылысын аяқтауға жаңа мердігер тартылды. И.Тасмағамбетов үй алдағы 1-1,5 ай көлемінде соңғы әрлеу жұмыстары аяқталғаннан кейін пайдалануға берілетініне уәде етті.

Ал №5 кешеннің тапсырылуын сарыла күтіп жүрген азаматтарға өз пәтерлерін тағы 2010 жылдың мамырына дейін тосуға тура келеді. «Бұл кешеннің құрылысын мойнына алған «Астанастройтранс» компаниясы да өз міндеттемелерін орындай алмады. Сот үкімімен компания айыппұл санкцияларын ғана емес, сонымен қатар мемлекетке келтірілген шығынның орнын толтыруға міндеттелді. Қазір нысанда жаңа мердігер жұмыс істеуде», - деді әкім.