Мемлекеттік заңды тұлғаларға рұқсат берілген қызмет түрлері 16 пайызға қысқартылмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда мемлекеттік заңды тұлғалар үшін рұқсат берілген қызмет түрлерінің саны 16 пайызға қысқартылмақ. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

"Экономиканы одан әрі жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу бойынша шаралар қабылданады. Ағымдағы жылы 139 нысанды сату жоспарланып отыр. Қазатомөнеркәсіптің ІРО-ны табысты өткізу тәжірибесін ескере отырып, Қазақтелеком, Эйр Астана және Самұрық-Энерго компанияларының акцияларын сату жоспарлануда", - деді министр.

Оның айтуынша, мұнан бөлек 2019 жылы жекешелендіру бағдарламасына қосымша 48 нысан қосылады.

"Осыған байланысты, мүдделі мемлекеттік органдарға осы жылғы 1 наурызға дейін осы нысандарды ағымдағы жылы сату бойынша жол карталарын әзірлеуге тапсырма беруіңізді сұраймын", - деді Тимур Сүлейменов Премьер-Министрге қарата.

Сонымен қатар, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің стандарттарына сәйкес мемлекеттік меншік құрылымын коммерциялық және коммерциялық емес деп нақты заңнамалық бөлу арқылы оны реформалау қаралатын болады. Монополияға қарсы реттеуді ЭЫДҰ елдерінің стандарттарына сәйкес келтіру, сондай-ақ Yellow Pages қабылданған қағидаттарды ұстану бойынша жұмыс жалғастырылады.

"Министрлік мемлекеттік заңды тұлғалар үшін рұқсат берілген қызмет түрлерінің санын 16 пайызға немесе 55 түрге қосымша қысқарту туралы ұсынысты Үкіметке енгізді",- деді ол.

Соңғы жаңалықтар