Мемлекеттік жаңа технологиялар бағдарламасы іске асырыла бастады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл бағдарламада ұқыптылық өндірісін іске асыру және өндірістегі бизнес-үдерістердің тиімділігін арттыруды мақсат етеді. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында кәсіпорындарда Кайдзен ұстанымдарын ендіру алға қойылған.
«Еліміздегі өндірістік нысандарға жаңа технологияларды енгізу бүгінде үлкен қажеттілік туғызып отыр. Қолға алынып отырған мемлекеттік бағдарлама аясында Кайдзен әдістерін қолданысқа ендіру арқылы біз жаңа технологияларды дамытуда үлкен табыстарға жетеміз», дейді «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ-ның басқарма директоры Болат Меншік.
Аталмыш мемлекеттік бағдарлама 3 кезеңнен тұрады. Соңғы 3-ші кезеңінде кәсіпорындар басшылары мен халықаралық сарапшылар және Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің басшыларының қатысуымен осы жылдың қарашасында Кайдзен-форум ұйымдастырылады деп жоспарланған.