Мемлекеттік және кедендік шекараны күзетуге міндетті лауазымды тұлғалар жасаған экономикалық контрабанда фактілері анықталды

АСТАНА. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қаржы полициясы органдарымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік және кедендік шекарасын күзетуге міндетті лауазымды тұлғалар жасаған экономикалық контрабанда фактілері анықталды.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өткен апталық брифингте ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  «Жамбыл облысында «Ақсу» шекаралық бекетінің ауысым бастығы шекаралық қызметтің аға лейтенантына қатысты қылмыстық іс прокурорға жіберілді. Ол қызметтік бабын пайдаланып, құны 2 млн. 260 мың теңге халық тұтыну тауарларының кедендік бақылаудан тыс Қазақстан Республикасының шекарасынан заңсыз өтуін қамтамасыз еткен», деді ресми өкіл.
 
Оның айтуынша, Астанада кедендік бақылау комитетінің тәуекелдер бөлімі бастығының үстінен қозғалған іс сотқа тапсырылды. Ол лауазымдық уәкілеттігін теріс пайдаланып, «Такиф НС» ЖШС-ын төменгі тәуекел санатына жатқызған. Осының арқасында аталған ЖШС басшылары экономикалық контрабанда жасап, кедендік төлемдер мен алымдар төлеуден жалтаруға мүмкіндік алған. Оған қоса, бұл қылмыстық іс бойынша Астана қаласының кедендік бақылау департаментінің 2 маманының ісі сотқа тапсырылды. Олар лауазымдық уәкілеттіктерін теріс пайдаланып, жалған құжаттар жасау арқылы «Такиф НС» ЖШС тарапынан болған құқық бұзушылықтарды жасырған. Нәтижесінде, мемлекетке 148 млн. 600 мың теңге залал келтірілген.

Соңғы жаңалықтар