Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор борышының жоғарғы шегі белгіленді -қаулы
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Үкіметінің қаулысымен квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі қарыздарына мониторинг жүргізу және бақылау қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қаулыда «мемлекеттік борыш пен квазимемлекеттік сектор борышының жоғарғы шегі жиынтығында жалпы ішкі өнімге қатысты 53,2 %-дан аспауға тиіс, оның ішінде квазимемлекеттік сектор борышының жоғарғы шегі жалпы ішкі өнімге қатысты 21,2 %-дан аспауға тиіс. Борыштың жоғарғы шегін есептеуге мемлекет бақылайтын ұйымдардың өзара міндеттемелері және резидент емес бақыланатын ұйымдардың міндеттемелері енгізілмейді» делінген.
Өзгерістер енгізілген қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.
Бұған дейін Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов Қазақстанның мемлекеттік борышы көп емес деген болатын.