Мемлекеттік және ұлттық жоғары оқу орындары сатылмайды - Қасым-Жомарт Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік және ұлттық жоғары оқу орындары сатылмайды. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 4-отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік және ұлттық жоғары оқу орындары сатылмайды - Қасым-Жомарт Тоқаев

«Менің тапсырмама сәйкес, жоғары оқу орындарының құрылымын өзгерту жұмыстары жүргізілуде. Көптеген жоғары оқу орны коммерциялық емес акционерлік қоғамға айналды. Бұл ел ішінде әртүрлі әңгіме туғызуда. Сондай-ақ бірі мемлекеттік жоғары оқу орындары кейіннен жекеменшікке сатылуы мүмкін деген де күдік бар. Осыған орай мемлекеттік және ұлттық жоғары оқу орындары сатылмайтыны жөнінде мәлімдеймін», - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселе айрықша назарда екендігін баса айтты.