Мемлекеттік және жеке сектор әріптестігін дамытуды заңнамалық тұрғыдан жетілдіру қажет ? Б. Смағұлов

АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Мемлекеттік және жеке сектор әріптестігін дамытуды заңнамалық тұрғыдан жетілдіру қажет.
None
None
Бүгін елордада өтіп жатқан ІІ Астаналық Экономикалық форум жұмысы барысында журналистерге берген сұхбатында Қазақстан мемлекеттік-жеке сектор әріптестігі орталығының басқарма төрағасы Болат Смағұлов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Мемлекеттік-жеке әріптестік тәуекелдерді теңдестіруге мүмкіндік береді және мемлекет пен бизнес арасындағы жауапкершілікті арттырып, жобалар бойынша мемлекеттік қолдаудың нақты шараларын анықтайды. Қазақстанда бұл бағытты жетілдіре түсу үшін заңнамалық қамтамасыз етуге да назар аударған жөн. Осы мақсатта Қазақстан мемлекеттік-жеке сектор әріптестігі орталығы қолданыстағы заңнамаларға өзгерістер енгізуді ұсынып отыр. Бұндай өзгерістер Бюджет кодексі мен «Концессия туралы» Заңға қатысты болып табылады», деді Б. Смағұлов. Оның айтуынша, елдегі жобалар құрылысын жүзеге асыру барысында бірқатар проблемалар туындаған. Оның үстіне, қолданыстағы заңнаманы халықаралық стандарттарға бейімдеу шарасы да өзекті болмақ. Сонымен бірге, Орталық басшысы мемлекеттік-жеке сектор әріптестігін дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы әзірленіп жатқанын атап өтті.
Соңғы жаңалықтар