Мемлекеттік және жергілікті органдардың интернет-ресурстарындағы кемшілікті аталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мемлекеттік және жергілікті органдардың интернет-ресурстарындағы кемшілікті атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңның орындалуының маңыздылығын мемлекеттік органдар түсінгенімен халық аталған  заң игілігін қалай пайдалану керектігін біле бермейді. Мәселен, кеше Премьер-Министр ІТ-компания өкілдерімен кездесті. Олардың барлығы да өздерінің жұмыстарына пайдалы болуы мүмкін қажетті мәліметтерді ашуды сұрады. Біз болашақта мәліметтердің жоғары сұранысқа ие өнімдерге айналатындығын түсінуіміз керек», - деді министр «Ақпаратқа қол жеткіз туралы» ҚР заңының іске асырылу  барысына арналған дөңгелек үстел отырысында.

Оның айтуынша, 2016 жылдың қорытындысында Әділет, Денсаулық сақтау, Инвестициялар және даму, Ұлттық экономика, Энергетика министрліктерінің сайттары жоғары баға алған. Ал жергілікті атқарушы органдардың ішінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсы пайдаланушылар арасында алдыңғы орында келеді.

«Ағымдағы жылдың ақпанында министрлік видеоконференция режимінде жергілікті атқарушы органдармен кеңес өткізді. Оның аясында олардың интернет-ресрустарына жүргізілген мониторинг нәтижесі талқыланды. Бұл мәселеге қатысты барлық проблеманы өңірлердегі әріптестерімізбен тыңғылықты талдап, шешу жолдарын белгіледік. Келесі кездесуді бірінші жартыжылдықтың мониторинг нәтижесі бойынша осы жылдың шілде айында өткізуді жоспарлаудамыз», - деді Дәурен Абаев.

Сонымен қатар ол саладағы шешімін таппаған бірқатар проблеманың да сақталып отырғандығын баса айтты.

«Мемлекеттік органдардың ағымдағы қызметі туралы ақпараттар декларативті сипатқа ие және жиі өзектендірілмейді. Интернет-ресурстарда жалпы сипаттағы ақпараттар, мемлекеттік органдарға қатысты статистикалар, шығармашылық қызмет туралы мәліметтер ғана ашылады. Екіншіден, өткізілген тексерулер жайындағы ақпараттар іс жүзінде жарияланбайды десек те болады. Әдетте, интернет-ресурста тексеру жоспары жарияланғанымен оның нәтижелері болмайды», - деді Дәурен Абаев.

Сонымен қатар министрдің айтуынша, жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында ауыл халқына мемлекеттік қолдау шаралары туралы анықтамалық және консультативтік ақпараттар төмен деңгейде берілген. Интернет-ресурстардың басым бөлігі қолданушылар үшін ыңғайлы жасалмаған.

Соңғы жаңалықтар