Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы жастардың «Жол картасына» айналса игі - Ш. Байманов

АСТАНА.  1 тамыз. ҚазАқпарат - Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы жастардың «Жол картасына» айналса игі.
None
None

Бүгін Астанада қазақстандық жастар ұйымдарының басшылары мен Білім және ғылым министрлігі Жауапты хатшысы Әлия Ғалымованың кездесуі барысында «Қазақстан жастары конгрессі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Шахмардан Байманов осылай мәлім етті. Еске сала кетсек, кездесу барысында  Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдама жобасы талқыланған болатын.

«Бүгінгі таңда мектеп жасынан оқушылардың кәсіби бағдарлануына қатысты мәселелер баршылық. Мәселен, тұжырымдама жобасына қатысты мектеп оқушылары 9-11 сынып аралығында кәсіби-мамандық қызығушылықтарға баулитын шаралар қамтылса деген ұсыныстар айтады. Тіпті жазғы демалыстарда жоғары сынып оқушыларын кәсіби мамандықтардың қыр-сырына тарта түссе деген ой бар. Екіншіден, Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы бұл жастар үшін арнайы «Жол картасына» айналса игі. Тұжырымдама - әрбір жастарды біріктіріп, олардың болашақтағы сұрақтарына жауап беруі шарт», - дейді Ш. Байманов.

Сонымен қатар, бірлестік басшысы терроризм мен экстремизмге қарсы идеологиялық шаралар кешені де аталған тұжырымдама аясында қамтылса деген тілегін білдірді. «Өйткені, жастарды нақты жұмыстармен қамтитын іс-шаралардан бөлек, идеологиялық тұрғыдан да қолдау жеткіліксіздеу. Қоғамдағы 4,5 млн. жасты тұтастай қамтитын тұжырымдама дүниеге келсе құба-құп. Біз алдағы уақытта министрлікке осыған қатысты ұсыныстар топтамасын беруге әзірміз», - деді Ш. Байманов.

Соңғы жаңалықтар