Мемлекеттік-жекешелік серіктестік негізінде 63 жоба жүзеге асырылуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда мемлекеттік-жекешелік серіктестік негізінде 63 жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Талғат Матаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Оның айтуынша, бүгінгі таңда жалпы республика бойынша 547 жоба түрлі деңгейде жүргізілуде. Аталған жобалардың жалпы сомасы 1,8 трлн теңгені құрайды. Оның ішінде жалпы сомасы 952 млрд теңгені құрайтын 18 жоба республикалық, ал 800 млрд теңгені құрайтын қалған 529-ы аймақтық деңгейінде жүзеге асырылуда.

«Қазіргі уақытта аймақтарда 116 келісімшартқа қол қойылған. Республикалық деңгейдегі 18 жобаның үшеуі іске асырылып жатыр. Олар: 2006-2007 жылдан жүзеге асырылып жатқан Ақтау қаласындағы халықаралық әуежай терминалы, Солтүстік Қазақстан мен Ақтөбе облысына тартылған электр желілері және Шар-Өскемен теміржолы конссециялық жобалар», - деді Матаев.

Басқарма төрағасы орынбасарының айтуынша, келісімшартына қол қойылған 116 жобаның бүгінде жалпы сомасы 70 млрд теңгені құрайтын 53-і жүзеге асырылған.

«Қалған 63 жоба жүзеге асырылуда. Жобалардың басым бөлігі негізінен білім саласында. Одан кейін денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, ауыл шаруашылығы, жеке тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларында іске асырылып жатқан көптеген жоба бар», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар