Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының инвестициялық кірісі 16,8 млрд. теңгеге артты

АЛМАТЫ. 24 қараша. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ 2010 жылғы 9 айды қорытындылады.

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының  инвестициялық кірісі 16,8 млрд. теңгеге артты

9 айдың нәтижесі бойынша аталмыш қордың салымшыларының арасында үлестірілген «таза» инвестициялық кірістің көлемі 16,8 миллиард теңгеден асты. Ол жинақталған зейнетақы жүйесі бойынша 9 айда алынған таза инвестициялық кірістің 33 пайызын құрайды. Бұл республикамыздың барлық зейнетақы қорлары ішіндегі ең жақсы көрсеткіштердің бірі болып табылады. Оған қоса, жинақталған зейнетақы қаражаттарының сомасы бойынша МЖЗҚ-ның нарықтық үлесі 16,4 пайыз. Ал 2010 жылғы 1 қазанда Қор қызметінің барлық кезеңі үшін «таза» инвестициялық кіріс 117,7 млрд. теңгеден асты.

Өз қызметі бастамасынан Қормен жүзеге асырылған сақтандыру ұйымдарына зейнетақы төлемдері және аударымдары 35,7 млрд. теңгеге артты. Бұл сақтандыру ұйымдарына төлемдер мен аударымдардың жалпы көлемінің 21 пайызды құрайды.

Қаржылық мүдделерін қорғау мақсатында (1,8 млн. адам) Қор салымшыларды жазатайым жағдайдан жыл сайынғы сақтандыру жүйесін енгізді. Сақтандыру қолданысқа енген үш ай ішінде бірнеше салымшыларға сақтандыру төлемдері жүзеге асырылды.

2010 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша, Қор зейнетақы активтерінің кірістілігі және меншікті капиталының жеткіліктілігі бойынша пруденциалды талаптарын да орындады. 2010 жылғы 1 қазанда Қордың меншікті активтері 18 млрд. теңгеден асты. Биылғы жылдың 9 айы ішінде Қордың меншікті капиталы 46 пайызға өсіп, 17,2 млрд. теңгені құрады. Көрсетілген кезең үшін таза пайда көлемі 2,6 млрд. теңге.

«МЖЗҚ» зейнетақы қорының қызметі Қазақстанның барлық өңірінде зейнетақы қызметінің толық кешенін ұсынуға бағытталған. Қазіргі кезде Қордың Қазақстан бойынша 18 филиалы жұмыс істейді. Салымшыларға ыңғайлы болу үшін және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында Қор 2 дербес қызмет көрсету орталығын іске қосты. Сондай-ақ, еліміздің барлық аймағында, шалғай орналасқан елді мекендерде қосымша 100-ден астам агенттік қосындарын ашты.

ҚР ҚҚА-ның ресми деректері бойынша 1,8 млн. адам ГНПФ салымшылары болып табылады.

«МЖЗҚ» АҚ қызметінің 13 жыл бойында қабылданған даму стратегиялары салымшыларға қызмет көрсету сапасын жоғарылату мен зейнетақы активтерін қалыпты-консервативтік басқаруға бағытталған.