Мемлекеттің энергетикалық, су және транзиттік әлеуеті елдің экономикасын дамытуға жұмыс істеуі тиіс - Б.Сапарбаев

АСТАНА.ҚазАқпарат - Мемлекеттің энергетикалық, су және транзиттік әлеуеті елдің экономикасын дамытуға, халқының тұрмысын жақсартуға жұмыс істеуі тиіс. Бұл туралы бүгін VIII Астана экономикалық форумының «Еуразиялық энергетикалық, су және транзиттік әлеуетінің тұрақты дамуы» атты сессиясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты.

Мемлекеттің энергетикалық, су және транзиттік әлеуеті елдің экономикасын дамытуға жұмыс істеуі тиіс - Б.Сапарбаев

«Энергетика бай мемлекеттің тұрақты дамуы сол энергетикалық ресурстарды тиімді пайланып, игеруіне тікелей баланысты. Ал мемлекеттің энергетикалық, су және транзиттік әлеуеті де елдің экономикасын дамытуға, халқының тұрмысын жақсартуға жұмыс істеуі тиіс», - деді ол.

Б.Сапарбаевтың айтуынша, энергетикалық ресурстарды неғұрлым көбірек өндіретін болсақ, соған сәйкес ауа, климат өзгеріске ұшырайды. Сондықтан экологияны жақсарту үшін тиісті іс-шаралар қолдану қажет.

«Өздеріңізге белгілі, 8 жыл бұрын БҰҰ Ассамблеясында біздің Мемлекет басшымыз Н.Назарбаев энергетикалық-экологиялық стратегияны қабылдау туралы ұсыныс жасады. Ол ұсыныс БҰҰ тарапынан қабылданып, қазіргі таңда тек Қазақстанда ғана емес, дүние жүзінде осы стратегия жүзеге асуда», - деді Үкімет басшысының орынбасары.