Мемлекеттің табысты дамуы үшін «жинақы» мемлекеттік аппарат құру қажет - Т. Донақов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттің табысты дамуы үшін «жинақы» мемлекеттік аппарат құру қажет. Бұл туралы бүгін Астана экономикалық форумы аясындағы кәсіби мемлекеттік аппарат тақырыбындағы сессия жұмысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрі Талғат Донақов мәлімдеді.
None
None

Соңғы жылдары еліміз мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару саласында ауқымды өзгерістерді жүзеге асырып жатқандығына тоқталған министр, Қазақстан Президенті бастамашылық еткен бес институционалдық реформаларды еліміз іске асыруға кіріскенін, сондай-ақ осы реформалардың арасында біріншісі мемлекеттік аппаратты жаңғыртуға бағыталғаны символдық мәнге ие екенін атап өтті.

«Мемлекетті табысты дамытудың негізі - ықшам мемлекеттік аппарат құру. Бұндай аппарат экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыруды, сондай-ақ сапалы мемлекеттік қызметтерді ұсынуды қамтамасыз етеді»,-деді Т. Донақов.

Осы ретте ол Мемлекеттік қызмет істері министрлігі мемлекеттік қызметтің жаңа моделін жүзеге асырудың локомотиві, сонымен қатар барша мемаппаратты кәсібилендірудің орталығы мен тетігі болуы тиіс екенін атап өтті.

«Түзіліп отырған модель мемлекеттік қызмет, мемлекеттік басқару және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу тұрғысында шетелдік тәжірибеге баса мән береді»,-деді министр.

Соңғы жаңалықтар