19:20, 20 Сәуір 2026 | GMT +5
Мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебе беру қағидалары бекітілді
АСТАНА. KAZINFORM — Құжат 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңға сәйкес, мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебе беру қағидалары бекітілді. Құжат 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Бекітілген қағидаларға сәйкес, «Ұлттық» мәртебесі архив ісі саласында мемлекеттік әрі қоғамдық маңызы бар және белгіленген талаптарға сай келетін мемлекеттік архивтерге беріледі.
Айта кетелік Чехия және Словакия архивтерінен Әлихан Бөкейханға қатысты тың деректер табылды.