Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Мемлекеттік бақылау күшейтілетін басым тауар тобы айқындалды - Шаққалиев

АСТАНА. KAZINFORM – Пилоттық жоба аясында қазақстандық ірімшіктің сатылымы 7 пайызға өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлім етті.

Арман Шаккалиев
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

- Ұлттық талдау орталығымен бірлесіп, отандық өнімді ілгерілету үшін тұтынушылық маркетингтің заманауи құралдары енгізілді. Қазақстандық ірімшікті ілгерілету жөніндегі пилоттық жоба барлық өңірде Магнум, Анвар, Смолл сияқты қырық ірі республикалық және өңірлік сауда желісінде іске асырылуып жатыр. Пилоттық жоба алғашқы айда нәтиже беріп, қазақстандық ірімшіктің сатылымы 7 пайызға өсті. Қазіргі уақытта пилоттық жобаның ауқымын кеңейту үшін жаңа тауар санаттарының тізбесі айқындалып жатыр, - деді А. Шаққалиев.

Оның айтуынша, отандық өндірісті қолдаудың маңызды бағыты - техникалық реттеу жүйесін жетілдіру.

- Ахуалдық штабтың жұмысы күшейтілді. Барлық бақылау органдарының іс-қимылы біріктірілді. Мемлекеттік бақылау күшейтілетін 11 басым тауар тобы айқындалды. Жыл басынан бері шекарада шамамен 13 мың автокөлік бірлігі тексерілді. 13 мың өнім үлгісі бойынша бақылауға арналған арнайы сатып алулары жүргізілді. Нәтижесінде, 1800 сынама талаптарға сәйкес келмеді, 1100-ден астам сәйкестік сертификаты жойылды, - деді министр.

Бұған дейін хабарланғандай, жарты жылда ішкі тауар айналымының көлемі 36,2 трлн теңгені құрады