Мемлекеттік бюджетке 18,2 трлн теңге түсті – министр

Оралда грант алушылардың қаржыны басқа мақсатқа жұмсағаны анықталды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Жыл басынан бері жергілікті бюджеттерге түскен кірістер жоспардан асыра орындалды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтып берді, деп хабарлайды Kazinform.

«Мемлекеттік бюджетке түскен кірістер сомасы 18,2 трлн теңгені құрады немесе жоспар 98,6%-ке орындалды. Республикалық бюджетке 12,6 трлн теңгеге жуық қаржы түсті. Жоспар 94,4%-ке орындалды», - деді Ерұлан Жамаубаев Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Қаржы министрі жоспардың орындалмауы негізінен салықтарға тиесілі екенін атап өтті. Атап айтқанда, корпоративтік табыс салығы, импортқа салынатын қосылған құн салығы, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық және шикі мұнайға экспорттық кеден бажы ықпал еткен.

«Корпоративтік табыс салығы бойынша жоспардың орындалмауы 272 ірі салық төлеуші бойынша мәлімделген аванстық төлемдер сомасының 24% азаюымен байланысты. Импортқа салынатын қосылған құн салығы бойынша жоспардың орындалмауына тауарлардың жекелеген топтары бойынша импорт көлемінің төмендеуі және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен импорт көлемінің 9% азаюы себеп болды», - деп толықтырды Е. Жамаубаев.

Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бойынша жоспардың орындалмауына негізгі экспорттық тауарлар бағасының орта есеппен 12% төмендеуі әсер еткен.

Шикі мұнайға экспорттық кеден бажы бойынша жоспардың негізгі орындалмауы экспорттық кеден бажының нақты қалыптасқан мөлшерлемесінің болжамды көрсеткіштен 8%-ке төмендеуімен байланысты болды. Акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер есебінен салықтық емес түсімдер асыра орындалды.

«Жергілікті бюджеттердің кірістері 109,2% атқарылды және 5,7 трлн теңгені құрады. Жоспар 478 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар бойынша 425 млрд теңгеге асыра орындалды. Алматы облысынан басқа барлық өңірлерде кірістер бойынша жоспарлар асыра орындалды», - деді Е. Жамаубаев.

Соңғы жаңалықтар