Мемлекеттік департамент өкілі Сириядағы жағдайға қатысты АҚШ ұстанымын айтты

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Мэттью Миллер Сирияның ішіндегі түрлі ұйымдармен тікелей және жанама түрде келіссөздер жүргізіліп жатқандығын мәлімдеді. Соның ішінде «Хайят Тахрир аш-Шам» ұйымы да бар.

Госдепартамент прокомментировал ситуацию в Сирии
Фото: Рустем Кожыбаев/Kazinform

Америка Құрама Штаттары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2254 қарарына сәйкес Сириядағы биліктің бейбіт жолмен ауысуын қолдайды.

Мемлекеттік хатшының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Джон Басс пен Мемлекеттік хатшының Таяу Шығыс істері жөніндегі көмекшісі Барбара Лиф қазір аймақтағы негізгі серіктестермен кеңесіп жатыр. Ал Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен сол аймақтағы басты ойыншылармен келіссөздерді жалғастыруда. 

АҚШ Сирияның ішкі жағдайында қандай да бір қауіп-қатер төнсе, мемлекеттің көршілеріне, соның ішінде Иорданияға, Ливанға, Иракқа және Израильге қолдау көрсетуді жалғастырады. 
Америка «Ирак және Левант Ислам мемлекеті» (ИГИЛ) ұйымына (Қазақстанда тыйым салынған ұйым – ред.) қарсы миссиясын жалғастырады және олардың бұл жағдайды АҚШ мүдделеріне қауіп төндіретін лаңкестік әрекеттерді қайта бастау үшін пайдалануына жол бермейді.

Мемлекеттік департамент өкілі АҚШ-тың салған санкциялары Сирия режимін әлсіреткенін атап өтті. Сондай-ақ Башар Асадтың жақтастары АҚШ-тың дипломатиялық және әскери күш-жігерінен әлсірегенін, бұл да болған оқиғаға өз септігін тигізгенін мәлімдеді. 

«Сирия қазіргі уақытта өтпелі кезеңде тұрған мемлекет. Менің ойымша, біз бәріміз осы құбылмалы сәтте үкім шығаруға асықпауымыз керек», - деді Мэтью Миллер.

Соңғы жаңалықтар