Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Мемлекеттік грантқа ие болмаған талапкерлерге мүмкіндік: қанша қосымша грант бөлінді

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекеттік грантқа ие болмадыңыз ба? Бұл – мүмкіндіктер аяқталды деген сөз емес.

студент
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы мәліметінше, елімізде білім алуға мүмкіндік беретін қосымша қолдау түрлері бар:

2392 грант – жергілікті атқарушы органдардан;

2 мыңнан астам грант – қазақстандық жоғары оқу орындарынан;

350 грант – «Қазақстан халқына» қорынан.

Бұдан бөлек, KAZENERGY, «Қазатомөнеркәсіп» және басқа да қорлар мен компаниялардың білім беру бағдарламалары бар.

Сонымен қатар университеттер оқу ақысына жеңілдіктер мен атаулы стипендиялар ұсынады.

Сондықтан мемлекеттік грантқа түсе алмаған болсаңыз, мүмкіндіктерді мұқият зерттеңіз: университеттерге, әкімдіктерге, қорлар мен компанияларға хабарласып, қосымша гранттарға өтінім беру талаптары мен мерзімін нақтылаңыз.

– Бір нәтиже сіздің болашағыңызды анықтамайды. Ең бастысы – мүмкіндікті жіберіп алмау! Сәттілік! – делінген хабарламада.

Қазақстандық ЖОО-лар талапкерлерге 2 мыңнан астам қосымша грант ұсынғанын жазған едік.