Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоғын қойды

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған жалпыұлттық іс-шаралар аясында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоғын қойды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фото: Ақорда

Жиынға Ұлттық құрылтайдың және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бірқатар мүшесі қатысты.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фото: Ақорда

Биыл еліміз Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр.

Ерлан Қарин салтанатты рәсімде Президент тапсырмасына сәйкес осынау атаулы датаға орай көптеген іс-шара жоспарланғанын жеткізді.

Атап айтқанда, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай жастар арасында халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жиыны өтеді.

Сондай-ақ қазақтың қайсар қызының өмір жолы мен ерен ерлігін паш ететін деректі фильм түсіріліп, көрмелер мен спорттық-мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.

Әлия Молдағұлова өскелең ұрпақ үшін ерлік пен жанқиярлықтың үлгісі болып қала береді.

Соңғы жаңалықтар